
«Қазақ тілі Гілекемен» — тегін әрі ыңғайлы самоучитель 📘
Бұл кітаптың жаңа нұсқасы жарық көрді. Оның алғашқы басылымы туралы біз бір жыл бұрын жазған едік. Автор, публицист Глеб Пономарёв бірнеше ай бойы еңбектеніп, кітапты екі есе кеңейтті. Енді онда түсіндірмелер, мысалдар және пайдалы практикалық кеңестер әлдеқайда көп.
Мысалы, етістіктер мен шақтарға арналған жеке бөлім қосылған. Сондай-ақ иллюстрациялар көбейіп, кітапты балаларға да, ересектерге де түсіну жеңілдеді. Ал кликабельді мазмұн арқылы қажетті тақырыпқа бірден өтуге болады.
Тіпті ең күрделі тақырыптардың өзі өте қарапайым тілмен түсіндірілген. Сондықтан бұл самоучитель ересектерге де, студенттерге де, мектеп оқушыларына да ыңғайлы.
Кітапты тегін жүктеп алып, еркін оқуға болады. Бұл — автордың қазақ тілін насихаттауға қосқан жеке үлесі әрі қазақша сөйлегісі келетін жандарға жасаған сыйы.



