
Kaspi.kz OYU командасымен бірлесіп, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жас орындаушыларды OYU Talent таланттар байқауына қатысуға шақырады.
Байқауға жеке орындаушылар да, музыкалық топтар да қатыса алады. Ең бастысы — өздерінің авторлық музыкалық материалы болуы керек. Бұл жоба жас өнерпаздарға OYU жобаларына іріктеуден өтіп, өз талантын кең аудиторияға таныстыруға мүмкіндік береді.
Қатысу үшін арнайы өтінім формасын толтыру қажет. Өтінімдер 1 мамырға дейін қабылданады.
OYU командасы мен қазылар алқасындағы әртістер байқау қорытындысы бойынша 5 жеңімпазды анықтайды. Олар OYU Live жобасының тоғызыншы маусымының түсіріліміне қатысады.
Сонымен қатар, олардың екеуі Алматыда өтетін OYU Fest фестивалінің ашылуында өнер көрсетеді. Ал бір орындаушыға OYU және Kaspi.kz тарапынан арнайы сыйлық — кәсіби музыкалық бейнебаян түсіру мүмкіндігі беріледі.
Бұл — жас таланттар үшін үлкен сахнаға шығуға, шығармашылығын дамытуға және тыңдарманын табуға тамаша мүмкіндік.



