
Астанада бұрылатын жүргізушілерге арналған жаңа белгі сынақтан өтуде 🚦
Республика даңғылы мен Сейфуллин көшесінің қиылысында жаяу жүргінші белгісі бар қосымша жарық индикаторы орнатылды. Ол оңға бұрылатын жүргізушілерге жаяу жүргіншілердің басымдыққа ие екенін ескертеді.
Егер сынақ жақсы нәтиже көрсетсе, мұндай белгілер қаладағы басқа да жол қиылыстарына орнатылады.



