Демалыс

Ән мен әскери рух тоғысқан кеш

8 мамыр  Есіл жағалауы бұл жолы ерекше мерекелік атмосфераға бөленді. Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған концертте көрермендер тек ән тыңдап қана қоймай, нағыз әскери рухты сезінді. Сахнаға шыққан ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері соғыс жылдарының әндерін орындап, патриоттық шығармалармен елордалықтардың ыстық ықыласына бөленді.

Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Талғат Бердіғұлов волынка аспабымен жасаған ерекше қойылым болды. Ал шекарашылардың карабинмен жонглерлік көрсетілімі көрермендерді таңғалдырмай қоймады.

Концертке жиналған жұртшылық әскери қызметтің тек тәртіп пен жауапкершілік емес, өнер мен рухтың үйлесімі екенін көрді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастарға патриоттық тәрбие беріп, Отан қорғаудың маңызын терең түсіндіруге бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button