Білім

Елордада алғаш рет GeoStar аллеясы ашылады

Бас қалада  7–8 сынып оқушыларына арналған GEO STAR National Geography Olympiad республикалық кезеңі өтуде. Білім бәйгесі дарынды оқушыларды анықтап қана қоймай, жастардың экологиялық мәдениетін дамытуға да бағытталған.

Олимпиаданы Астана дарыны орталығы Ecoforming қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Жоба аясындағы басты ерекшеліктің бірі – экологиялық акция. 14 мамыр күні Таза Қазақстан бастамасы аясында олимпиада қатысушылары ағаш отырғызу шарасына қатысады. Іс-шара Сарыарқа ауданы әкімдігі қолдауымен өтеді.

Дәл осы күні елордада алғашқы GeoStar аллеясының ашылуы жоспарланған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама жас ғалымдардың табиғатқа жанашыр көзқарасын қалыптастырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруды көздейді.

Әрбір отырғызылған ағаш – оқушылардың экология мен климат болашағына қосқан нақты үлесі болмақ.

Ағаш отырғызу акциясы 14 мамыр күні сағат 14:00-де Көктал саябағында өтеді.

Көктал саябағының орналасқан жері

Ұйымдастырушылардың пікірінше, GEO STAR National Geography Olympiad — академиялық білім мен экологиялық жауапкершілікті ұштастыратын ерекше алаң. Жоба жас ұрпақты табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға бейжай қарамауға үндейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button