Мәдениет

Елордада мәдениет қызметкерлері марапатталды

Астанада Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мәдениет саласының мамандарын марапаттау рәсімі өтті. Елорданың мәдениет саласына үлес қосқан қызметкерлер мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ие болды.

Сала өкілдеріне «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы, «Ерен еңбегі үшін» медалі, сондай-ақ «Еңбек ардагері» медалі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі мен Құрмет грамоталары табысталды.

Әзербайжан Мәмбетов атындағы драма және комедия театры директорының орынбасары Самат Тергембаев бұл марапаттың өзі үшін ерекше маңызды екенін айтып, мәдениет қызметкерлерінің ұлттық мұраны сақтаудағы еңбегін атап өтті.

Бүгінде Астана қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасына қарасты 13 мекемеде 2 444 адам еңбек етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button