Спорт

Астаналық Айбота Ертайқызы Азия чемпионатының жеңімпазы

Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында елордалық спортшы Айбота Ертайқызы жарқын өнер көрсетіп, көпсайыс бағдарламасында күміс медаль жеңіп алды.

Қазақстан намысын қорғаған гимнаст жалпы 113.65 ұпай жинады. Ол шығыршықпен жаттығуда – 28.50, доппен – 27.45, ұршықпен – 28.70, ал таспамен өнер көрсетуде 29 ұпай еншілеп, үздіктер қатарынан көрінді.

Алтын медальді өзбекстандық Тахмина Икромова (115.10) иеленсе, қола жүлде Наталья Усоваға (112.40) бұйырды.

Айта кетейік, Айбота Ертайқызы былтыр Сингапурда өткен Азия чемпионатында таспа сайысынан чемпион атанып, көпсайыста қола жүлде алған еді. Биылғы нәтиже де спортшының жоғары бабын дәлелдеп отыр.

Сонымен қатар Бішкектегі құрлық біріншілігі күзде Жапонияда өтетін Азия ойындары алдындағы маңызды дайындық кезеңдерінің бірі саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button