Білім
Балалар ЖИ-ді ересектерден ертерек меңгеретін сияқты
Ересектер әлі нейрожеліні үйреніп жүргенде, балалар оны мектептен бастап оқитын болады.
Қазақстанда 1-4 сынып оқушылары жасанды интеллект негіздері мен цифрлық сауаттылықты оқитын болады. Бұл туралы Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, қазір мектептерде білім беру стандарты қайта қаралып жатыр: жаңа пәндер енгізіліп, кейбір бағыттар бойынша сағат саны көбейтіледі.
Мәселен, цифрлық сауаттылық пәніне қосымша 12 сағат қосылады.
Қысқасы, болашақта ЖИ-ді үлкендерге түсіндіріп жүретін буын қазірдің өзінде өсіп келе жатқан сияқты.



