Спорт
80 жасында 42 шақырым жүгірді: астаналық ата Кейптаунды тәнті етті

80 жастағы астаналық марафоншы Салтанат Түйтебаев Оңтүстік Африкадағы Кейптаун марафонында 42,2 шақырым қашықтықты бағындырды. Халықаралық жарыстан оралған спортшыны Астана әуежайында жақындары мен жанкүйерлері қарсы алды.
Ардагер спортшы жарыс кезінде қиындықтарға қарамастан марафонды соңына дейін аяқтаған. Ол алдағы уақытта да жаттығуын жалғастырып, 2027 жылы Жапонияда өтетін ардагерлер Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетуді мақсат етіп отыр.
Айта кетейік, Салтанат Түйтебаев — халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Нью-Йорк марафонының чемпионы және ардагерлер арасындағы халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері.



