Білім

Оқу бағдарламасына тағы бір жаңа пән енеді

Енді  мектептерде оқушылар жол ережесін жеке пән ретінде оқитын болады.  Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова хабарлады.

Министрдің айтуынша, биыл «Қазақстан балалары» бағдарламасы аясында «Жеке қауіпсіздік» атты жаңа пән пайда болады.

«Оның құрамына жол қозғалысы ережелері, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелер кіреді. Пән сабақ кестесіне енгізіледі. Онда жеке қауіпсіздік және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік тақырыптары да қамтылады. Балаларды дайындауды қажет ететін барлық өзекті мәселелер ескерілді», — деді Жұлдыз Сүлейменова Тәуелсіздік сарайының кулуарында.

Министрдің айтуынша, бағдарламаны Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен «Өркен» орталығы әзірлеген. Пәнді мұғалімдер мен психологтар оқытады. Ол 5–9-сыныптарға енгізіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button