Спорт
500 орын және барлық қатысушыға медаль: Астанада Kids Run өтеді
1 маусымда Астанада Балаларды қорғау күніне орай дәстүрлі Kids Run балалар жарысы өтеді.

Kids Run балалар жүгірісі 1 маусым күні Астанадағы Орталық саябақтың шаңғы-роллер трассасында өтеді.
Жарысқа 6-15 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Қашықтықтар 300, 500 және 1000 метр.
Старт уақыты 09:00. Қатысу тегін, ал мәреге жеткен барлық балаға медаль беріледі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, орын саны шектеулі барлығы 500 қатысушы. Тіркелу 29-31 мамыр аралығында reg.elordasport.kz сайтында өтеді.



