Білім

Мектепке бейімделуді жеңілдететін жоба іске қосылды

Астанада «Мектепке дейінгі дайындық мектебі» жобасы басталды. Жаз бойы 4,5 мыңнан астам болашақ бірінші сынып оқушысы арнайы дайындықтан өтеді.

Елордада балалардың мектепке бейімделуіне көмектесетін «Мектепке дейінгі дайындық мектебі» жобасы іске қосылды.

Сабақтар маусымнан тамызға дейін балабақшалар мен мектептерде ұйымдастырылады. Балалар оқу үдерісімен танысып, зейінін және қарым-қатынас дағдыларын дамытады.

Маусым айында бағдарламаға 4,5 мыңнан астам болашақ бірінші сынып оқушысы қатысады. Олардың қатарында балабақшаға барған балалар да, мектепке алғаш рет дайындалып жатқан бүлдіршіндер де бар.

Жобаның басты мақсаты – балалардың мектеп өміріне сенімді әрі жеңіл бейімделуіне көмектесу

Басқа жаңалықтар

Back to top button