Осы жексенбі елордалықтар республикалық бәйге жарысын тегін тамашалайды
Астанада республикалық бәйге жарысы кешкі сағат 17:00-де басталады
7 маусым күні Мемлекеттік рәміздер күніне орай елордадағы «Қазанат» атшабарында ауқымды республикалық бәйге жарысы өтеді. Дүбірлі доданың салтанатты ашылуы кешкі сағат 17:00-де басталады.
Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген таңдаулы тұлпарлар мен тәжірибелі шабандоздар қатысады. Олар 9 шақырымдық «Құнан» бәйге, 16 шақырымдық «Топ» бәйге және 25 шақырымдық «Аламан» бәйге бойынша бақ сынайды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтардан бөлек, 1 бөлмелі пәтер мен екі «Changan» автокөлігі табысталады.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, шабандоздар мен тұлпарларды офлайн тіркеу 6 маусым күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін «Қазанат» өтеді. Қатысу жарнасынан түскен қаражат толықтай қайырымдылық мақсаттарға бағытталады.
Мерекелік бәйге жарысына көрермендер үшін кіру тегін. «Қазанат» ипподромына LRT желісі арқылы, сондай-ақ №37, 42, 302, 303, 320, 323 және 501 қоғамдық көліктерімен жетуге болады.
Көрермендер үшін кіру тегін.



