BREAKFEST гастро-фестивалі қайта оралды
Астанада көпшілік асыға күтетін BREAKFEST гастро-фестивалі қайта басталды. Биыл фестиваль 12 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.

Қала тұрғындары мен қонақтары 24 мейрамхана мен кофеханадан арнайы әзірленген таңғы ас сеттерін 3500 теңгеге тапсырыс бере алады
Фестивальдің басты ерекшелігі – әр мекеме қонақтарға өздерінің авторлық таңғы ас мәзірін ұсынады. Сеттердің құрамына негізгі тағам, десерт және сусын кіреді. Бұл – жаңа орындарды ашып, әртүрлі гастрономиялық концепциялармен танысуға жақсы мүмкіндік.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальге қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет емес. Қала тұрғындары өздеріне ұнаған кез келген мейрамхана, кофеханаға барып, арнайы BREAKFEST мәзіріне тапсырыс бере алады. Бір ғана орынмен шектелмей, фестивальге қатысатын барлық дәмхананы ралап шығуға мүмкіндік бар.
BREAKFEST – таңғы ас мәдениетін дамытуға бағытталған халықаралық гастрономиялық жоба. Фестиваль аясында классикалық таңғы астардан бастап, ұлттық және авторлық тағамдарға дейін ұсынылады.
Өтетін уақыты: 12 маусым – 5 шілде
Сет бағасы: 3500 теңге
Қатысушылар саны: 24 мейрамхана мен кофехана
Толық тізім мен мекемелер туралы ақпаратты BREAKFEST фестивалінің ресми Instagram парақшасынан көруге болады.



