Демалыс
AULAFIT жобасы басталды: 30 аулада тегін жаттығулар 30 аулада өтеді
Астанада тұрғындарды бұқаралық спортқа тартуға бағытталған AULAFIT әлеуметтік жобасының жаңа маусымы басталды. Жоба маусымнан қыркүйекке дейін елорданың 6 ауданындағы 30 аулада өтеді. Барлық жаттығулар тұрғындар үшін тегін ұйымдастырылады.

Жоба аясында аптасына алты күн бойы әртүрлі жас санаттарына арналған жаттығулар өткізіледі. Сабақтарды кәсіби жаттықтырушылар жүргізеді, ал қатысушылар қажетті спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Жаттығу кестесі:
- 08:00–09:00 – аға буынға;
- 09:00–10:00 – ересектерге;
- 16:00–17:00 – 6–10 жас аралығындағы балаларға;
- 17:00–18:00 – 11–15 жас аралығындағы балаларға;
- 18:00–19:00 – жастарға.
Жаттығу өтетін мекенжайлар:
- «Тамыз» ТК – Н. Тілендиев даңғылы, 15/1;
- «Достар 3» ТК – Рысқұлов көшесі, 16/1;
- «Сәт Сити» ТК – Күлтегін көшесі, 14;
- Қошқарбаев даңғылы, 45;
- «Дарын» ТК – Кенесары даңғылы, 64;
- «Сатурн» ТК – А. Байтұрсынов көшесі, 39;
- «Еуропалық 1» ТК – Боталы көшесі, 26;
- «Айсанам» ТК – Мәңгілік Ел даңғылы, 19;
- «Астана Меруерт» ТК – Б. Момышұлы даңғылы, 12;
- «Көркем 2» ТК – Түркістан көшесі, 10;
- Тілендиев даңғылы, 36;
- Бөгенбай батыр даңғылы, 54;
- «Сармат 1» ТК – Сауран көшесі, 3/1;
- «Жағалау» ТК – Ш. Айтматов даңғылы, 36;
- «Будапешт» ТК – Қабанбай батыр даңғылы, 59Б;
- «Әулие Ата» ТК – Т. Жүргенов көшесі, 18/2;
- «Болашақ» ТК – Сарыарқа даңғылы, 3;
- «Құлагер» ТК – Сығанақ даңғылы, 2;
- «Арато» ТК – Б. Майлин көшесі, 31;
- Ш. Уәлиханов көшесі, 25;
- «Сезім қала. Бақыт 1» ТК – Р. Бағланова көшесі, 2;
- «Жоңғар қақпасы» ТК – С. Сейфуллин көшесі, 9;
- «Қытай қорғаны» ТК – А. Пушкин көшесі, 15;
- «Мадрид» ТК – Ш. Айтматов даңғылы, 60;
- «Инфинити 1» ТК – Қабанбай батыр даңғылы, 40;
- «Түркістан» ТК – Қошқарбаев даңғылы, 34;
- «Гранд Астана» ТК – Қалдаяқов көшесі, 11;
- Құдайбердіұлы даңғылы, 5;
- «Nova City» ТК – Әл-Фараби даңғылы, 34/4;
- «Дипломат» ТК – Сарайшық көшесі, 34.
Жоба алғаш рет 2020 жылы іске қосылған. Биыл да елордалықтар үйінің маңында тегін спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік алады.



