Спорт

АГМП Кубогы – 2026: тау-кен металлургия саласының үздік командалары Астанада бас қосады

 25–26 маусымда Астанада Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы (АГМП) ұйымдастыратын дәстүрлі мини футболдан үшінші рет АГМП Кубогы өтеді.

Аз ғана уақыт ішінде турнир Қазақстанның тау-кен металлургия саласындағы ең ірі корпоративтік спорттық жобалардың біріне айналды. Жыл сайын бұл дода жетекші кәсіпорындардың қызметкерлерін бір алаңға жинап, командалық рухты нығайтуға, салауатты өмір салтын дәріптеуге және әріптестік байланысты дамытуға ықпал етіп келеді.

АГМП Кубогының басты артықшылығы – халықаралық аренаға жол ашуы. Қазақстанның Әуесқой футбол лигасымен бірлескен серіктестік аясында жеңімпаз командалар халықаралық әуесқой турнирлерде ел намысын қорғауға мүмкіндік алады.

Өткен жылғы турнирдің жеңімпазы – «Қазақмыс» командасы Түркияда өткен Euro Business Cup халықаралық жарысында Қазақстан атынан өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Бұл – қазақстандық корпоративтік футболдың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеген маңызды жетістік.

Биылғы маусымда командалар тек АГМП Кубогын ғана емес, Испанияда өтетін EMF Champions League / Euro Cup Masters пен Түркиядағы Euro Business Cup турнирлеріне берілетін жолдамалар үшін де бақ сынайды.

2026 жылғы турнирдің басты жаңалығы – алғаш рет БАҚ құрамалараның қатысуы. Қазақстанның республикалық, салалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының журналистерінен құралған команда тау-кен металлургия кәсіпорындарының ұжымдарымен бірге алаңға шығып, жүлделі орындар үшін тартысқа түседі.

АГМП Кубогы Қазақстан футзал қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылып, корпоративтік спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және тау-кен металлургия кешені кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Биылғы турнирге АГМП-ға мүше кәсіпорындар мен қауымдастықтың серіктес ұйымдарының командалары қатысады деп күтілуде. Екі күнге созылатын дода тартысты матчтарға, жоғары спорттық бәсекеге және корпоративтік футбол мерекесіне айналмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button