Спорт
108 рет Күнге сәлем: Астанада ерекше таң атпақ
Күннің алғашқы сәулесі, таза ауа және жүздеген адамның ортақ энергиясы. Астанада йога әуесқойлары үшін ауқымды ашық іс-шара ұйымдастырылады.
21 маусым күні Астанада Халықаралық йога күніне арналған ашық аспан астындағы ауқымды жаттығу өтеді.
Іс-шараға қатысушылар Үндістаннан келген тәжірибелі нұсқаушылармен бірге «Сурья Намаскар» кешенінің 108 айналымын орындап, кейін жаппай йога сабағына қатыса алады.
Шара «Астана Арена» алдындағы алаңда ұйымдастырылады. Тіркелу таңғы сағат 05:30-да басталады. Ал негізгі тәжірибе 06:00-де өтсе, жаппай жаттығу 08:00-де басталады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараға тәжірибелі йогамен айналысушылар да, жаңадан бастаушылар да қатыса алады.
Қатысу тегін. Қонақтарға өздерімен бірге йога төсеніші мен бас киім алып келу ұсынылады.



