Спорт

Абонементсіз спорт: Астанада тегін Workout City жобасы басталады

Арнайы абонемент те, спортзал да қажет емес. Елордада кез келген адам қатыса алатын Workout City жобасы іске қосылады.

Астанада бұқаралық спортты дамытуға бағытталған Workout City жобасы басталады. Жоба аясында қала тұрғындары мен қонақтары үш ай бойы Street Workout бойынша тегін жаттығуларға қатыса алады.

Бастама жастар арасында көше спорты мәдениетін дамытуға, дене белсенділігін арттыруға және спортты барынша қолжетімді етуге бағытталған.

Жаттығулар 22 маусым мен 22 қыркүйек аралығында кәсіби нұсқаушылардың жетекшілігімен өтеді.

Сабақтар Ботаникалық бақта дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері, ал Орталық саябақта сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері сағат 20:00-21:00 аралығында ұйымдастырылады.

Жобаға жасына және дайындық деңгейіне қарамастан барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Қатысу тегін.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Workout City спортты күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдыруға бағытталған ашық алаң.

Басқа жаңалықтар

Back to top button