Білім

ЖИ дәуірінде кітаптың орны қандай? Астанада осы сұрақ талқыланды

Астанада өткен Aqsham Talks зияткерлік алаңында кітап оқу мәдениеті, білім алудың жаңа тәсілдері және жасанды интеллект дәуіріндегі оқудың маңызы талқыланды.

«Зерделі ұлт: оқу мәдениеті және ұлт болашағы» тақырыбындағы кездесуде сарапшылар кітаптың қоғам дамуындағы рөлі, жастардың оқу дағдылары және шығармашылық ойлауды дамытудағы маңызы туралы пікір алмасты.

Іс-шараға халықаралық құқық маманы Алмат Игенбаев, ЖИ зерттеушісі Тимур Бектұр, филолог Арын Құнанбайлы, педагог Ескенбір Бестай және сценарист Рамазан Файылов қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба кітап оқу мәдениетін жаңа форматта насихаттап, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын тұрақты алаңға айналмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button