Мәдениет

Дала қызғалдағы сахнада: «Астана Балет» маусымды жаңа қойылыммен қорытындылады

Астанадағы «Астана Балет» театры театр маусымын «Алтын гүл» балетінің премьерасымен қорытындылады. Жаңа қойылым Ұлы даланың тарихи-мәдени мұрасы мен Қазақстанның символына айналған дала қызғалдағының бейнесіне негізделген.

Спектакльдің негізіне Теңлік қорғандарынан табылған б.з.д. III–II ғасырларға жататын қызғалдақ бейнеленген алтын пластина арқау болған. Осы тарихи артефакт зергер шебердің өнері арқылы табиғаттың сұлулығы мен адам мен табиғат арасындағы үйлесімді баяндайтын оқиғаға айналған.

Қойылымда классикалық балет, неоклассика және заманауи би элементтері үйлесім тапқан. Би, музыка және көркем бейнелер арқылы көрерменге рухани ізденіс, шабыт пен ұлттық мұраны сақтау идеясы ұсынылады.

Қоюшы-хореограф Мұкарам Авахридың айтуынша, спектакль ұлттық болмысты заманауи көркем тілмен жеткізуге бағытталған. Қойылымдағы басты символ – дала қызғалдағы өмірдің нәзіктігі мен қуатын, табиғат пен мәдениеттің сабақтастығын бейнелейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button