Білім

Колледжге онлайн құжат тапсыру басталды: не білу керек?

Астана колледждері 2026-2027 оқу жылына талапкерлерден құжат қабылдауды бастады. Қабылдау 25 маусымнан басталды.

Биыл талапкерлер үшін:
• 32 колледж;
• 10 300 грант, оның ішінде 3 224-і жұмысшы мамандықтарына бөлінген.

Құжаттарды eGov порталы арқылы онлайн тапсыруға болады. Жеке куәлікті жүктеудің қажеті жоқ. Мәліметтер автоматты түрде алынады.

Қабылдау мерзімі мамандыққа байланысты белгіленген: шығармашылық бағыттарға — 20 шілдеге дейін, педагогикалық және медициналық мамандықтарға — 10-15 тамызға дейін, басқа бағыттардың басым бөлігіне — 22-27 тамызға дейін, ал кешкі және сырттай оқу нысанына 20 қыркүйекке дейін.

Құжаттар тізіміне өтініш, білім туралы құжат, 3×4 цифрлық фото, №075/у медициналық анықтамасы және жеңілдік санатына жататындар үшін мәртебесін растайтын құжаттар кіреді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button