Демалыс

BaiQymyz-2026: автобустар «Қазанат» ипподромына дейін қатынайды

11-12 шілдеде өтетін BaiQymyz-2026 халықаралық гастрономиялық фестиваліне байланысты Астанада №18, №37 және №303 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.

 7-13 шілде аралығында аталған автобустар «Қазанат» ипподромына дейін қатынайды. Ал 11 және 12 шілде күндері бұл бағыттар ұзартылған режимде жұмыс істеп, қоғамдық көлік сағат 23:00-ге дейін жүреді.

Ұйымдастырушылар тұрғындар мен қала қонақтарына фестиваль өтетін орынға қоғамдық көлікпен келуге кеңес береді. Бұл көлік қозғалысын жеңілдетіп, келушілердің ыңғайлы қатынауын қамтамасыз етуге бағытталған. Айта кетейік, жеке автокөлікпен келуге ресми шектеу енгізілген жоқ, алайда мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалану ұсынылады.

Еске салайық, BaiQymyz-2026 халықаралық гастрономиялық фестивалі 11-12 шілде күндері «Қазанат» ипподромында өтеді. Бағдарлама аясында қымыздың сан түрінен дәм тату, «Үздік қымыз» халықаралық байқауы, жылқының ұлттық тұқымдары көрмесі, қолөнер жәрмеңкесі, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттер, ұлттық және заманауи спорт түрлерінен жарыстар, сондай-ақ басқа да этномәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button