Мәдениет
Голливуд классикасын Астанада тегін көруге болады
13-17 шілде аралығында Астанада АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі ұйымдастыратын америкалық кино фестивалі өтеді. Көрермендер Голливудтың танымал фильмдерін үлкен экраннан тегін тамашалай алады.

АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі елорда тұрғындары мен қонақтарын 13-17 шілде аралығында өтетін Америкалық кино фестиваліне шақырады.
Фестиваль АҚШ-тың 250 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Көрсетілімдер Kinopark 6 KeruenCity кинотеатрында өтеді.
Барлық фильмдер түпнұсқа тілінде көрсетіледі. Кіру тегін.
Фестиваль бағдарламасы:
13 шілде
- 19:00 – Casablanca
- 21:00 – Rear Window
14 шілде
- 14:00 – Rocky
- 15:00 – The Lion King
- 18:00 – Field of Dreams
- 20:15 – The Maltese Falcon
15 шілде
- 15:00 – The Wizard of Oz
- 18:00 – Elvis
- 20:15 – Jaws
16 шілде
- 15:00 – Snow White and the Seven Dwarfs
- 18:00 – Grease
- 20:15 – Lincoln
17 шілде
- 15:00 – Back to the Future
- 18:00 – Apollo 13
- 20:30 – E.T. the Extra-Terrestrial
Ұйымдастырушылар астаналықтар мен қала қонақтарын әлемдік кино классикасына айналған америкалық фильмдерді үлкен экраннан тамашалауға шақырады.



