Comic Con Astana-да кімдер өнер көрсетеді?

6-9 тамыз аралығында елордада бесінші Comic Con Astana халықаралық фестивалі өтеді. Дәстүрлі түрде кино, сериал, комикс, бейнеойын, аниме және поп-мәдениет жанкүйерлерін бір алаңға жиналады.
Биыл фестиваль екі локацияда өтеді:
- Barys Arena – басты сахна, халықаралық жұлдыздармен кездесулер және шоу-бағдарламалар;
- «Алау» мұз сарайы – көрме аймақтары, компаниялар стендтері, ойын алаңдары, интерактивтер мен түрлі ойын-сауық бағдарламалары.
Биылғы фестивальдің алғашқы хедлайнері – «Тақтар ойынындағы» Джейме Ланнистер рөлімен танылған дат актері Николай Костер-Вальдау. Сонымен қатар ол «Қара сұңқардың күйреуі», «Аспан патшалығы», «Обливион», «Мысыр құдайлары» және басқа да танымал жобаларға түскен.
Фестивальдің тағы бір басты қонағы – Netflix-тің One Piece сериалындағы Монки Д. Луффи рөлін сомдаған мексикалық актер Иньяки Годой. Ол жанкүйерлермен кездесіп, сұрақтарға жауап береді, қолтаңба және фотосессияларға қатысады.
Comic Con Astana 2026-ға сондай-ақ әлемге танымал косплейерлер мен блогерлер келеді. Арнайы қонақтар қатарында:
- Kamui Cosplay (Германия);
- SuperCrastan (Даня Крастер);
- Jane Kravitz;
- Karrambaby;
- Dobryak;
- қазақстандық блогер Dalbek бар.
Фестивальдің басты оқиғаларының бірі – халықаралық косплей байқауы. Биыл оның жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. Бұл Орталық Азиядағы ең ірі косплей турнирлерінің бірі.
Comic Con Astana бүгінде Орталық Азиядағы ең ірі поп-мәдениет фестивальдерінің біріне айналды. Бұған дейін оның қонақтары қатарында Мадс Миккельсен, Энди Серкис, Пилу Асбек, Скотт Эдкинс, Майкл Рукер және басқа да танымал актерлер болған.



