Спорт

Алғашқы алтын! Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионы атанды

Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден алғаш рет әлем чемпионы атанды. Гонконгта өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында отандастарымыз Украина құрамасын жеңіп, тарихи алтын медаль иеленді.

Гонконгта өтіп жатқан семсерлесуден ересектер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді.

Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимовтан құралған Қазақстан құрамасы финалда Украина командасымен кездесіп, 45:40 есебімен жеңіске жетті.

Бұл Қазақстанның семсерлесу тарихындағы әлем чемпионатындағы алғашқы алтын медаль ғана емес, сондай-ақ ерлер құрамасының әлем біріншілігінің финалына алғаш рет шығуы.

Чемпиондық жолда қазақстандық спортшылар Финляндияны (45:39), Өзбекстанды (28:27), Данияны (45:36) және Мысырды (41:32) жеңіп шықты.

Осыған дейін ұлттық құраманың ең үздік нәтижесі 2025 жылғы әлем чемпионатындағы қола жүлде болатын. Қазір Қазақстанның ерлер құрамасы әлемдік рейтингте бесінші орында тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button