Білім

Бірде-бір түлек грантсыз қалған жоқ: «Зерде» мектебінің нәтижесі

Астанадағы №9 «Зерде» мектебінің биылғы 65 түлегінің барлығы жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік беретін гранттарға ие болды.

Астанадағы №9 «Зерде» мектебінің биылғы түлектері жоғары нәтижесімен қуантты. 65 түлектің 65-і де грант иегері атанды.

Олардың 42-сі мемлекеттік білім грантына ие болды. Тағы 9 түлек Назарбаев Университетіне оқуға түсті.

Ал 14 түлек әлемнің ТОП-50 үздік университеттерінің қатарына кіретін шетелдік жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Осылайша, мектеп түлектерінің грантқа түсу көрсеткіші 100 пайызды құрады.

Мектеп ұжымының айтуынша, мұндай нәтиже оқушылардың бірнеше жылдық жүйелі дайындығы мен ұстаздардың еңбегінің нәтижесі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button