Мәдениет

EXPO жазғы сахнасында Батырхан Шүкенов пен «А-Студио» тобының әндері шырқалатын кеш өтеді

EXPO жазғы сахнасында 15 тамыз күні сағат 19:30-да Expo Music Fest аясында Батырхан Шүкенов пен «А-Студио» тобының әндеріне арналған кеш өтеді. Концерт қазақстандық көрнекті музыкант Батырхан Шүкеновтің шығармашылығы мен «А-Студио» тобының музыкалық мұрасына арналады.

Кешке DJ Angel, Ильяс Төлеген, Марал Ками, Аслан Атығаев, Сырым Дүйсембеков, Aslanbi, Кристина Журабекова және Аружан Әшімова қатысады. Концерттің хедлайнері «The Jigits» тобы.

Концерт 15 тамыз күні сағат 19:30-да EXPO бизнес кешенінің аумағындағы жазғы сахнада өтеді. Кіру тегін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button