Қоғам

Сұр қабырғаға сән кірді: Астанаға + 1 мурал

Астанадағы «Кең дала» тұрғын үй кешенінің қасбетіне жаңа көркем мурал салынды. Тұран даңғылы, 58 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы қабырғасын безендірген «Таңсәрі» туындысы қаланың заманауи келбетіне ерекше сән беріп тұр.

Ауқымды жобаны Астана қаласының әкімдігі мен Урбанистика орталығының бастамасымен жүзеге асырылды.

Қазақ мәдениетінде «таңсәрі» ұғымы жаңа күннің басталуын, үміт пен жаңаруды білдіреді. Осы идеяны негізге алған муралда қала сәулеті мен табиғаттың үйлесімі көрініс тапқан.

Композицияның басты элементі – ашық түсті дала гүлдері. Олар ғимараттың қасбетімен жоғары қарай бой түзеп, заманауи сәулетті жұмсартып, қалалық кеңістікке табиғи реңк пен жылылық қосады.

Муралды жүзеге асыруға Астана және Қарағанды қалаларының Урбанистика орталықтарының мамандары мен AirG суретшілері бірлесіп қатысты.

«Таңсәрі» муралы елорданың қоғамдық кеңістігін көркемдік тұрғыдан түрлендіріп қана қоймай, қала тұрғындары мен қонақтарына табиғат, жаңару және жаңа бастамалар идеясын жеткізетін ерекше нысанға айналды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button