Білім

Нұра ауданында 1 200 оқушыға арналған жаңа мектеп салынып жатыр

«Нұра» ауданында 1 200 оқушыға арналған жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Білім беру нысанын салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 7 млрд теңге бөлінді.

Қазіргі таңда мектеп аумағында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысанды келер жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Жаңа мектептің құрылысы аудандағы халық санының артуына байланысты қолға алынған. Қазіргі уақытта осы аумақта төрт мемлекеттік мектеп жұмыс істейді. Алайда оқушы орындарының тапшылығы сезіледі. Жаңа білім беру нысаны №84, №85, №89 және №97 мектептердегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы қайтарылған активтер ел тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бағытталып отыр. Үкімет 610 млрд теңгеден астам қаражатқа 500-ден аса әлеуметтік жобаны қаржыландыруды мақұлдаған.

Бұл қаражат еліміздің өңірлерінде білім беру, денсаулық сақтау, спорт және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын салу мен жаңғыртуға жұмсалуда.

Білім беру саласында жалпы құны 64,4 млрд теңге болатын 17 жобаны іске асыру көзделген. Аталған бастамалар жаңа білім беру нысандарын салуға және балалар мен жастарға қолайлы, заманауи оқу жағдайын қалыптастыруға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button