Спорт

Бас белбеу үшін тартыс: Qazaqstan Barysy-2026 басталды

Бүгін Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен XV мерейтойлық Qazaqstan Barysy – 2026 супертурнирі басталды.

Биыл бозкілемге еліміздің әр өңірінен келген 40 палуан, сондай-ақ «Әскер Барысы» турнирінің жүлдегерлері шығады.

Турнирдің басты тартысы – әр жылдары алтын белбеуді жеңіп алған Еламан Ерғалиев, Дәурен Нұралинов және Ғалымжан Қырықбайдың бір бозкілемде кездесуі.

Сондай-ақ, жарыста Азия чемпионы Қайсар Шәмшідінов, үш дүркін Qazaqstan Barysy жүлдегері Нұрдәулет Жарылғапов, Саят Шәмшиев және Астана намысын қорғайтын Олжас Шынкеев өнер көрсетеді.

Ал «Әскер Барысы» командасынан Айдар Бескемпір мен Әділ Оразбаев қатысады.

Бүгін жарыс қорытындысында Qazaqstan Barysy-дің жаңа алтын белбеу иегері анықталады. Жеңімпаз дәстүрлі «Тайтұяқты» көтеріп, қазақ күресінің тарихына есімін жазбақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button