Спорт
Жыл соңына дейін бас қалада 1000 аса спорттық шара өтеді
Бас қалада алдағы 4 айда 1208 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде 61 жарыс халықаралық деңгейде ұйымдастырылады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді. Жыл басынан бері елордада 437 спорттық іс-шара өткізіліп үлгерген.
Биыл Астана семсерлесуден әлем кубогі, дзюдодан Grand Slam, PGL Astana және басқа да халықаралық жарыстарды қабылдады. Сонымен қатар 29 шілде мен 9 тамыз аралығында елордада «Болашақ ойындары 2026» халықаралық турнирі өтті.
Жыл соңына дейін үстел теннисі, жүзу және күрес бойынша бірқатар ірі халықаралық жарыстар өткізу жоспарланып отыр. Бұл Астананың спорттық және туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді



