Роботтар дәуірі Қазақстанға келе ме?
19 тамызда Астанада робототехника мен жасанды интеллекттің болашағына арналған QAZBOT ROBOTICS FORUM 2026 өтеді.

Форум alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығында ұйымдастырылады. Шараға қазақстандық QAZBOT Technologies компаниясы мен гуманоидты роботтар әзірлейтін халықаралық AgiBot компаниясының өкілдері қатысады.
Форумда гуманоидты роботтар, Embodied AI, жасанды интеллектіні бизнеске енгізу және робототехниканы Қазақстанда дамыту мәселелері талқыланады.
Сондай-ақ QAZBOT Technologies роботтарды жергіліктендіру, AI модельдерін әзірлеу, зерттеу және инженерлік кадрларды даярлау бағыттарындағы жоспарларын таныстырады.
Іс-шараның маңызды бөлігінің бірі – ірі қазақстандық компаниялармен өтетін жабық B2B кездесулер. Оған банк және қаржы, мұнай-газ, өнеркәсіп және басқа да салалардың өкілдері қатысады.
Форумның басты тақырыбы – «AI & Robotics: болашақ экономикасын қалыптастыру». Сарапшылар жасанды интеллект пен роботтардың Қазақстан экономикасын қалай өзгерте алатынын талқылайды.



