Спорт

Қыздар, Counter-Strike 2 ойнайсыздар ма? Астанада әйелдер турнирі өтеді

22 тамызда Астанада қыздар арасында Counter-Strike 2 бойынша Astana Queens Cup II турнирі өтеді.Жарысқа 30 қатысушыдан құралған 6 команда қатысады.

Турнирдің мақсаты — Қазақстандағы әйелдер киберспортын дамыту, қыздар арасында геймерлер қауымдастығын қалыптастыру және тұрақты бәсекелестік орта құру.

Жарыс 5×5 форматында өтіп, қатысушылар топтық кезеңде және шешуші матчтарда бақ сынайды. Жеңімпаздарға жүлделер мен серіктестердің сыйлықтары табысталады. Сонымен қатар жеке номинациялар, кәсіби төрешілік және матчтарға комментаторлық сүйемелдеу ұйымдастырылады.

Astana Queens Cup жобасын The Summit Esports (TSE) ұйымдастырады. Алғашқы турнир 27 маусымда өтіп, оған 6 команда қатысқан.

Турнир 22 тамыз күні сағат 10:00–18:00 аралығында Астана қаласы, Сарайшық көшесі, 38 мекенжайындағы «Colizeum Premium» компьютерлік клубында өтеді.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта жоба аясын кеңейтіп, әйелдер арасында тұрақты киберспорт лигасын қалыптастыруды жоспарлап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button