Энрике Иглесиастың Қазақстандағы концертіне санаулы күн қалды
Әлемдік жұлдыз Энрике Иглесиастың Қазақстандағы алғашқы концертіне санаулы күн қалды. 3 қыркүйекте әнші Astana Arena да өнер көрсетеді.

Концерт жақындаған сайын билеттер де азайып барады. Қазір билет бағасы 45 мың теңгеден басталады, алайда ең қолжетімді санаттағы орындардың басым бөлігі сатылып кеткен. Кей секторларда орын таңдау мүмкіндігі де шектеле бастаған.
Қазақстандық жанкүйерлер Иглесиастың Hero, Bailando, Escape, Ring My Bells, Tonight, Súbeme La Radioсияқты танымал хиттерін жанды дауыста тыңдай алады.
Көрермендерді ерекше шоу күтеді
Энрике Иглесиас концерт кезінде жанкүйерлерімен жақын араласуымен танымал. Әнші кейде сахнадан түсіп, көрермендерге жақындайды, тіпті оларды сахнаға шақыратын сәттері де бар.
Шоудың тағы бір ерекшелігі – стадионның ортасына қойылатын қосымша сахна. Бұл әншіге трибунадағы көрермендерге жақынырақ өнер көрсетуге мүмкіндік береді.
Энрике Иглесиас музыка әлемінде отыз жылдан астам уақыт бойы өнер көрсетіп келеді. Енді оның әлемдік турындағы жаңа аялдамалардың бірі – Қазақстан.
Астанадағы концерт 3 қыркүйекте, Алматыдағы шоу 5 қыркүйекте өтеді. Билеттер Freedom SuperApp пен Ticketon платформаларында сатылымда. Ұйымдастырушылар сұраныс жоғары болғандықтан, билетті соңғы күнге қалдырмауға кеңес береді.



