Білім

30 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа қабылданды

Астанада 2026–2027 оқу жылына бірінші сыныпқа қабылдау науқаны жалғасып жатыр. Бүгінде елорда мектептеріне 30 мыңнан астам бала қабылданды.

Жаңа оқу жылы басталғанға дейін бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндердің саны 35 мыңға жуықтайды деп жоспарланып отыр.

Құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады. Ата-аналар өтінішті электронды түрде eGov порталы арқылы немесе тікелей мектепке барып, қағаз нұсқасында тапсыра алады.

Бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажет құжаттар:

  • ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
  • №065/у профилактикалық екпелер картасы;
  • №052-2/у бала денсаулығының паспорты;
  • баланың 3×4 см көлеміндегі цифрлық фотосуреті.

Құжаттарды мектепке қағаз түрінде өткізген жағдайда ата-ананың немесе заңды өкілдің жеке куәлігінің көшірмесі де қажет.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада бірінші сыныпқа құжат қабылдау 28 мамырда басталған. Сондықтан баласын әлі мектепке тіркемеген ата-аналарға қажетті құжаттарды өткізуге уақыт бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button