Талдықорғанда өтіп жатқан көкпардан ересектер арасындағы XXV Қазақстан чемпионатының финалистері анықталды. 1 мамырда басталған ел біріншілігінде 19 команда бақ сынап, шешуші сынға Жамбыл облысы мен Шымкент қаласының құрамалары жолдама алды, деп хабарлайды Astanalife.kz.
Жамбылдық көкпаршылар жартылай финалда Алматы облысының мықты құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, бас жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды. Енді олардың алдында ел көкпарындағы тағы бір азулы қарсылас — Шымкент командасы тұр.
Жамбыл облысы жеңіске жетсе, Қазақстан чемпионатындағы алтын жүлдесінің санын 16-ға жеткізіп, өз рекордын жаңартады. Ал Шымкент құрамасы чемпиондық атаққа қол жеткізіп, жамбылдықтардың үстемдігін тоқтатуға барын салмақ.
Екі команда да қазақ көкпарында өзіндік мектебі қалыптасқан, талай тартысты додада шыңдалған ұжымдар. Сондықтан ертеңгі финал — тек алтын жүлде үшін айқас емес, екі мықты көкпар мектебінің үлкен бәсекесі болмақ.
Чемпионаттың бас демеушісі: Самұрық-Қазына қоры
Чемпионаттың бас серіктесі: Спортты қолдау қоры



