Спорт

Астаналық балаларға арналған үлкен мереке: «Bala Fest – 2026»

5 қыркүйекте Астанада «Bala Fest – 2026» ауқымды балалар фестивалі өтеді. Шара «Астана» саябағындағы Олимпиада сақиналары орналасқан алаңда ұйымдастырылады.

Қатысушыларды тіркеу сағат 14:00-де, ал ресми ашылу рәсімі 15:00-де басталады.

Фестиваль бағдарламасында спорттық жарыстар, робототехника, ұлттық ойындар және шығармашылық белсенділіктер қамтылған. Балалар VEX робототехникасы, робо-сумо, робофутбол, асық ату, ләңгі тебу, боччасайыстарына қатысып, жерде сурет салып, түрлі шеберлік сабақтарына қатыса алады.

Сонымен қатар «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында балаларға жол қозғалысы мен көшедегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі.

Фестивальге 15 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Үздіктер дипломдар мен арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, олардың спортқа, шығармашылыққа және заманауи технологияларға қызығушылығын арттыру.

Басқа жаңалықтар

Back to top button