Білім

Мектеп директоры 100 өлең жаттап, автокөлік ұтып алды

№107 жалпы орта мектебінің директоры Айгүл Базарбайқызы «100 күнде 100 өлең» байқауында 100 күн ішінде 100 өлең жаттап, өз өнерін ортаға салды.

«Assyltas» қоғамдық қоры ұйымдастырған байқауға еліміздің әр өңірінен 3 мыңға жуық адам қатысты. Жүз күнге созылған дода барысында қатысушылар қазақ поэзиясының таңдаулы туындыларын жаттап, мәнерлеп оқып, сөз өнеріне деген құрметін көрсетті.

Астана намысын қорғаған Айгүл Базарбайқызы байқаудың барлық кезеңінен сүрінбей өтіп, есте сақтау қабілеті мен поэзияға деген сүйіспеншілігін танытты.

Нәтижесінде елордалық мектеп директоры байқаудың бас жүлдесін жеңіп алып, автокөлік иегері атанды.

Бұл жеңіс – қазақ әдебиеті мен поэзиясын насихаттап, жас ұрпаққа үлгі көрсетіп жүрген ұстаз еңбегінің тағы бір жемісі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button