Спорт

Күз келгенмен, жүгіру марафоны жалғасады

Елорда тұрғындары күзгі маусымды спортпен бастауға мүмкіндік алады. 12 қыркүйекте Триатлон саябағында «JANA MEN KÙZ RUN» бұқаралық жүгіру жарысы өтеді.

Жарыс «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылып, таңғы сағат 09:00-де басталады. Қатысушылар өз дайындығына қарай 3, 5 немесе 10 шақырымдық қашықтықтың бірін таңдай алады.

Жарысқа барлығы 1800 адам қатыса алады. Іс-шараға қатысу үшін ақы алынбайды.

Тіркелу тек онлайн форматта жүргізіледі. Өтінім қабылдау 9 қыркүйекте reg.elordasport.kz платформасында басталады. Ұйымдастырушылар офлайн тіркеу болмайтынын ескертеді.

Қатысушылардың старттық нөмірлері жарыс қарсаңында, 11 қыркүйекте сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Триатлон саябағындағы «Арқар» көпірінің астында беріледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс елорда тұрғындары арасында белсенді өмір салтын қалыптастырып, спортпен тұрақты айналысуға ынталандыруды көздейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button