Технология

AI & Digital Bridge 2026: жасанды интеллект болашағы

2-3 қазан күндері Астанада Орталық Еуразиядағы жасанды интеллект саласындағы басты халықаралық оқиғалардың бірі — AI & Digital Bridge 2026 форумы өтеді.

Биыл жетінші рет ұйымдастырылатын форумға әлемнің түкпір-түкпірінен технология саласының көшбасшылары, инвесторлар, стартаптар мен сарапшылар жиналады. Биылғы басты тақырып — «Kazakhstan is the Eurasian AI Hub», яғни Қазақстанды Еуразиядағы жасанды интеллект хабына айналдыру.

Форумға NVIDIA, Higgsfield AI, E-Space, General Atlantic, Kraken, Mastercard, G42 сияқты әлемдік компаниялардың өкілдері қатысады.

Қатысушылар жасанды интеллекттің бизнеске әсері, инвестиция, технологиялық кәсіпкерлік және креативті индустриялардың дамуы сияқты өзекті тақырыптарды талқылайды.

Ал форумның технологиялық бөлігі одан да қызық болмақ. Келушілерді 100-ден астам компанияның технологиялық көрмесі, Startup Alley, AI & Digital Bridge Battle, Awards және жасанды интеллект пен робототехника саласындағы интерактивті демо-аймақтар күтеді.

Яғни бұл — AI әлеміндегі соңғы жаңалықтарды бір жерден көріп, жаңа технологияларды өз көзіңмен сынап, халықаралық сарапшылар мен стартап өкілдерімен танысуға мүмкіндік беретін алаң.

2-3 қазан. Астана. AI-дың болашағы дәл осы жерде талқыланады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button