Спорт

2028 жылғы УЕФА Суперкубогы Астанада өтеді

2028 жылғы УЕФА Суперкубогы Астанада өтетін болды. Бұл туралы бүгін Салоникиде өткен УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында белгілі болды.

Маңызды матч «Астана Арена» стадионында өтеді. Қазақстан үшін бұл отандық футбол тарихындағы айтулы оқиғалардың біріне айналмақ.

2028 жылғы Суперкубокта 2027/28 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары кездеседі.

Өтетін орны: Астана, «Астана Арена»

Күні: 17 шілде 2028 жыл

Осылайша, Қазақстан астанасы еуропалық клубтық футболдағы ең маңызды матчтардың бірін қабылдайды. «Астана Аренада» УЕФА-ның екі басты клубтық турнирінің жеңімпаздары Суперкубок үшін таласады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button