Спорт
Енді атқа мінетіндер көбейді: Астанада жаңа клуб ашылды
Астанада ұлттық ат спортына қызығушылықты арттыруға бағытталған «Astana Polo & Chovken Club» өз жұмысын бастады.

Клуб 2024 жылдан бері жұмыс істеп, осы уақыт ішінде халықаралық жарыстарға қатысып, Қазақстанды шетелдік спорт додаларында таныстырып келеді.
Клубта човган және ат поло бағыттары бойынша жаттығулар өтіп, шабандоздар жарыстарға дайындалады. Сонымен қатар спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, жас спортшылардың шеберлігін арттыруға мүмкіндік жасалған.
Клубты ат-спорттық бағыттардың еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Хасенов басқарады. Негізгі мақсат – ұлттық ат спорты түрлерін дамыту, дәстүрді дәріптеу және елорда тұрғындарының осы спортқа қызығушылығын арттыру.



