Мәдениет

Қайрат Нұртастың концертінен кейін көрермендер трибуналарды жинауға көмектесті

Қайрат Нұртастың концерті аяқталған соң көрермендердің бір бөлігі үйлеріне асықпай, трибуналарда қалған қоқысты жинауға көмектесті.

Мәдени шарадан кейін қатысушылар аумақты ретке келтіріп, шашылған қоқыстарды жинады. Осылайша олар концерттен алған жақсы көңіл-күймен қатар, қала тазалығына да өз үлестерін қосты.

«Бүгін достарыммен бірге сүйікті қазақстандық өнерпазымыздың концертін тамашалауға келдік. Кештен жақсы әсер алдық. Концерт аяқталған соң аумақты тазартуға өз үлесімізді қосуды жөн көрдік. Бұл – қала тазалығына қосқан шағын үлесіміз», – деді көрермендердің бірі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, мұндай бастамалар қоғамдық орындарға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Үлкен концерттер мен бұқаралық шаралардан кейін тазалықты сақтау – тек коммуналдық қызметтердің емес, барша тұрғынның ортақ жауапкершілігі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button