Білім
Астанада «Ұстазым, менің ұстазым!» челленджі

Астанада «Ұстазым, менің ардақты ұстазым!» челленджі басталды
Ұстаздар күніне орай Астанада 28 қыркүйек пен 5 қазан аралығында «Ұстазым, менің ардақты ұстазым!» челленджі өтуде.
Челлендждің мақсаты – педагог еңбегіне құрмет білдіріп, ұстаз бен шәкірт арасындағы ерекше байланысты дәріптеу.
Инициативаға елорданың кез келген тұрғыны қатыса алады. Ол үшін білім мен тәрбие берген ұстазға шынайы тілегін арнап, алғысын білдіру қажет.
Челлендж аясындағы жарияланымдарды #Ұстазыңдықұттықта хэштегімен орналастыру керек.



