Білім
Осы оқу жылында балалар неше күн демалады?

2026–2027 оқу жылына арналған мектеп күнтізбесі бекітілді: төрт тоқсан, каникулдар мен емтихандардың мерзімі белгілі.
Күзгі каникул 26 қазаннан 1 қарашаға дейін, қысқы демалыс 28 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін 14 күнге созылады. Көктемгі каникул 22-28 наурыз аралығында өтеді. Ал бірінші сынып оқушыларына ақпан айында қосымша бір апталық демалыс беріледі.
Түлектер үшін демалыс сәл күрделірек: 9-сынып оқушыларының емтихандары 31 мамырда, ал 11-сынып оқушыларының емтихандары 1 маусымда басталады.
Қысқасы, оқушылар келесі жазға дейін қашан демалатынын біліп алды. Енді ересектерге жұмыс күнтізбесін ашып, өз демалыстарына қарап, үнсіз қайта жаба салу ғана қалды.



