Астанада Kazakhtelecom Vibe Coding-ті тегін үйретуде

Астанада Kazakhtelecom Vibe Coding-ті тегін үйретіп жатыр
Астанада өтіп жатқан AI & Digital Bridge форумында Kazakhtelecom компаниясы жасанды интеллект көмегімен бағдарламалау бағытын меңгеруге мүмкіндік ұсынып отыр.
Форум EXPO көрме орталығында өтіп жатыр. Бұл — Орталық Азиядағы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы маңызды іс-шаралардың бірі.
Форумға келген кез келген адам Kazakhtelecom стендіне барып, Vibe Coding тәсілін тегін үйрене алады. Бірнеше сағат ішінде нейрожелі көмегімен өз жобасын жасауға мүмкіндік бар.
Vibe Coding — бағдарламалау бойынша терең техникалық білімді талап етпей, жасанды интеллект арқылы идеяны жобаға айналдыру тәсілі. Оқу барысында қатысушылар Claude нейрожелісін пайдаланып, өз жобаларын жасап көреді.
Ең бастысы — стендтегі оқыту тегін.
Егер жасанды интеллект көмегімен бағдарламалау мен жоба жасауды бұрыннан байқап көргіңіз келсе, бұл — жаңа технологияны тәжірибе жүзінде меңгеріп көруге жақсы мүмкіндік.



