CаясатБасты жаңалық

Бүгін Үкімет отырысы өтеді

13 қазан, сейсенбі күні сағат 15:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде қаңтар–қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің орындалуы қаралады.

Отырыстан кейін Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауларында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер:

  • ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин;
  • ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев;
  • ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов;
  • ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков.

Үкімет отырысын PrimeMinister.kz сайтынан, ресми YouTube арнасынан, Facebook әлеуметтік желісінен және UKIMET Telegram-арнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button