Қоғам

26,5 шақырым Tarlan Astana тағы ұзарады

🚝 Астанада алғашқы ЛРТ-ның құрылысы енді аяқталса, екіншісінің жоспары да дайын. Елорда ауқымды жобалардан қалыспайды!

Ұзындығы 26,5 шақырым болатын Tarlan Astana желісін ескі вокзалға, Жағалау мен Қосшыға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Екі жоба да жүзеге асса, елордада 38 станция және жалпы ұзындығы 49 шақырымға жуық рельс жолы болады.

Әзірге құрылыстың нақты мерзімі мен құны белгісіз. Барлығы қаржыландыруға байланысты.

Енді астаналықтар екінші ЛРТ-ны да күтуге дайын болуы керек. Бастысы, екі жобаның да жүзеге асуын көру үшін шыдам жетсе болғаны.

Басқа жаңалықтар

Back to top button