
⛸️ Астананың дәл ортасында ұзындығы 1,4 шақырым болатын мұз айдыны ашылады!
Abu Dhabi Plaza кешенінің жанындағы Сызықтық саябақта ASTANA WINTER PARK атты жаңа қысқы демалыс кеңістігін ашу жоспарланып отыр.
Бұл жай ғана мұз айдыны емес, жалпы ұзындығы 1,4 шақырымға созылатын өзара жалғасқан мұз жолдарының тұтас жүйесі болмақ. Мұз жабынының жалпы ауданы шамамен 6 000 м² құрайды.
Жобаның тұжырымдамасы Еуропадағы мұз парктерінен шабыт алған.
Қала тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы үшін жылы демалыс павильондары, коньки жалға беру орындары, мерекелік жарықтандыру мен қысқы декорациялар қарастырылады.



