Спорт
Сүйінші! Әлем чемпионатында бірден екі алтын

Сүйінші! Қазақстан әлем чемпионатында бірден екі алтын жеңіп алды!
Лас-Вегаста өткен күрестен U-23 әлем чемпионатында біздің балуандар күміске қанағаттанбай, ел қоржынына екі алтын салды!
Юсуф Ашрапов (72 келіге дейін) пен Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионы атанды!
Юсуф финалда Армения балуанын 4:3 есебімен жеңсе, Айбек жарыс бойы бірде-бір рет жеңілмей, шешуші белдесуде Әзербайжан өкілінен 13:4 есебімен басым түсті.
Қысқасы, жұрт Лас-Вегасқа джекпот ұту үшін барса, біздің жігіттер екі алтынды қанжығасына байлап қайтты! Оның үстіне, казиносыз-ақ, нағыз спорттық жеңіспен!



